Алматыда 15 мемлекеттен келген 150 спортшы екі күн бойы өзара
бәсекеге түсті. Тұғырдан секіруден әлем кубогының қорытындылары жайлы келесі
бейнематериалда.
«Сұңқар» кешенінде өткен жарысты алдымен ерлер
бастады. Бұл сында словениялық Петер Превцке тең келер ешкім болмады. Екі жарыс
күнінің қорытындысы бойынша 325,9 ұпай жинаған әлем кубогының көшбасышысы жалпы
есептегі басымдығын нығайтты. Екінші орынды Германия спортшысы Зеверин Фройнд
иеленсе, үшінші орын норвегиялық Даниэль Андре Тандеге бұйырды. Еліміздің
атынан жарысқа қатысқан ағайында Марат пен Радик Жаппаровтар, Константин
Соколенко және Сабыржан Момынов іріктеу сынынан аса алмады. Әйелдер сайысында
Жапония спортшысы Сара Таканаши топ жарды. Екінші орынға австриялық Даниэле
Ирашко-Штольц жайғасса, үшінші сатыны Словения спортшысы Майя Втич еншіледі.
Сара Таканаши, жеңімпаз:
Қазақстанға бұл 5-ші мәрте
келуім. Алғашқы мүмкіндігімде қателік жібердім. Бірақ екінші рет секіргенде
барлығы ойдағыдай шықты. Нәтижесі жаман емес. Қазақстан маған өте ұнайды.
Алдағы уақытта сіздің елде жарыс болып жатса, міндетті түрде қатысамын.
Әлем кубогы «Сұңқар»
халықаралық шаңғы тұғырларының кешенінде өтуі бекер емес. Дәл осы жерде келесі
жылы универсиада ойындарының жарысы өтеді. Сондықтан спорт кешенін сынақтан
өткізуге мүмкіндік алдық, - дейді универсиада ұйымдастырушылары.
Дастан Сейітқазин,
«Универсида-2017» дирекциясы директорының орынбасары:
Осы әлемдік кубок - біз үшін
сынақ. Барлық тесттен өткізу мерекесі болып табылады біз үшін. Трамплиннен
секіру "Сұңқар" кешені барлық халықаралық деңгейде, стандарттарға сәйкес
салынған.
Тұғырдан секіруден әлем
кубогының келесі кезеңі осы аптаның аяғында Польшаның Висла қаласында өтеді.
Самат ҚАНАҒАТОВ