Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда ДАИШ-пен байланысы болуы мүмкін деген күдікпен 60 адам ұсталды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2016
  • 1823

Түркия полициясы ДАИШ-пен байланысы болуы мүмкін деген күдікпен 60 адамды тұтқындады. Рейтерстің хабарлауынша, құқық қорғау органдары ел астанасы мен өзге де ірі қалаларда іздеу-құрықтау операцияларын жүргізген. Анкараның өзінде 16 адам қолға түсті. Бұлардың қоғамдық орындар мен мемлекеттік ғимараттарда лаңкестік әрекет жасауға әзірленіп жүргендер екені анықталды.

Рейдтік шаралар Ыстамбұлда орын алған теракттен кейін басталды. Шетелдік туристер шоғырланған жерде жанкешті өзін өзі жарып жіберген еді. Салдарынан 10 адам қаза тапты. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА