Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізге Киевтен арнайы делегация келді

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2014
  • 937

Саяси тұрақсыздыққа байланысты қиындық көріп отырған украиналық сүт өндірушілер қазақ нарығына көз тігіп отыр. Елімізге Киевтен бір топ делегация келді. Меймандар қазақ елінде сүт зауыттарын ашуды көздейді. Шұрайлы топырағымызға тәнті болған олар, бірқатар аймақты аралап, кең даламыздың мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жер екеніне көз жеткізген.

Сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысының басшылығымен кездескен делегация өкілдері жергілікті сүт фермаларына қол ұшын созуға ниетті екенін жеткізді. Украинаның кәсіпкерлері алдымен отандық кәсіпорындарды заманауи қондырғылармен қамтымақ. Артынша, осында өз өндіріс ошақтарын ашатын ойлары бар. Бизнес өкілдері қарапайым халықтан сүт сатып алып, оны қайта өңдеуді жоспарлап отыр. Ал атқамінерлер, бұл - теріскей жұртшылығына тиімді болар еді, деп санайды. Себебі, Қызылжар өңірінде жылына 450 мың тонна сүт өндірілсе, оның 275 мыңы шаруашылықтарға тиесілі. Ал қалған бөлігі қарашаның мұқтаждығына жұмсалады. Киевтік кәсіпкерлер дәл осы бөлікке мейлінше көңіл бөлмек.

Любомир Дыкун, Украинаның сүт өндірушілер қауымдастығының вице-президенті:

Фермасы бар ауыл әрдайым дами бермек. Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанға жаңа технология әкеліп, жаңа кәсіпорындар ашу. Біз заманауи қондырғылардың арқасында тек өз елімізді қамтып қана қоймай, экспортпен де айналысып жүрміз. Осы тәжірибені енді Қазақстанда да енгізбек ойымыз бар.

Абзал ҚҰРМАНКИН