Русский Сайттың толық нұсқасы

Азамат Тәжаяқов Царнаевқа қарсы жауап беруі мүмкін

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2014
  • 1040

Қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов Бостондағы марафон кезінде жарылыс жасады деп айыпталып отырған Джохар Царнаевқа қарсы айғақтар айтуы мүмкін. Бұл туралы отандасымыздың адвокаты Мэтью Майерс мәлімдеді.

Айта өтейік, лаңкестік актін тергеуге кедергі жасағаны үшін айыпты деп танылған Азамат Тәжаяқовқа қатысты сот үкімі 19 қараша күні шығарылады. Егер оған дейін Тәжаяқов Царнаев ісі бойынша сотқа қатыса алса, үкім шығару кейінге қалдырылуы мүмкін. Өйткені қазақстандық студент Царнаевқа қарсы жауап беруге дайындалып жатыр.

«Итар ТАСС»-тың хабарлауынша, Азамат Тәжаяқов оның көзінше Царнаев қандай пайымдау айтқаны жөнінде сөз қозғамақшы. Пайымдау дәл сол Бостондағы жарылысқа байланысты болуы ықтимал.

Естеріңізге салайық, Азамат Тәжаяқов пен тағы бір оатндасымыз Диас Қадырбаев Джохар Царнаевпен жақсы таныс болған. Жарылыстан 3 күн өткеннен кейін олар пиротехника мен ноутбук салынған Царнаевтың рюкзагын өртеп жіберген. Бұл лаңкестік актіні тергеу ісін анағұрлым қиындатты. Егер қазақстандықтар кінәлі деп танылса, онда 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Илхам ИБРАГИМ