Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың Шанхай қаласында теннистен "Мастерс" турнирі жалғасуда

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2014
  • 1165

Қытайдың Шанхай қаласында теннистен "Мастерс" турнирі жалғасуда. Соңғы уақыттары бірқалыпты өнер көрсете алмай жүрген Испания спортшысы Рафаэль Надаль тағы да сүрінді. Дәрежелі жарыстың екінші кезеңінде испаниялық отандасы Фелисиано Лопеспен кортқа шықты. Бірінші сетте 6-3 есебімен есе жіберген Надаль үзілістен кейін аянып қалмады. Тай-юрейкке дейін жеткеніне қарамастан, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмады.

Келесі ойында Франция спортшысы Жиль Симон Швейцария спортшысы Стэн Вавринкамен ракетка түйістірді. Бірінші сетті өз пайдасына шешкеніне қарамастан қалған уақытта жиі қателескен швейцариялық ойын тізгінін қарсыласына беріп қойды. Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеген Симон үшінші айналымға шықты.

Сондай-ақ өз кездесулерінде жеңіске жеткен АҚШ спортшысы Джек Сок, сербиялық Новак Джокович және Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин  жанкүйерлер қошеметіне бөленді. Енді үшінші айналымда Джокович Михаил Кукушкинмен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Самат ҚАНАҒАТОВ