Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2014
  • 1297

Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүсілім Өмірияев 12 жылға сотталуы мүмкін. Бүгін прокурор судьядан айыпталушыға дәл осындай жаза кесуді сұрады.

Қанатжан Қамалбек, мемлекеттік айыптаушы:

Предлагаю признать виновным Умирьяева Муслима Таировича в совершении преступления по статье 311 части 5 УК РК и назначить наказание в виде 12 лет лишения свободы с конфискацией имущества, с отбыванием наказания в колонии строгого режима.

Прокурор  вице-министрдің ісіне қатысты жазаны жеңілдетуді қажет деп таппаған сыңайлы. Өмірияевтың бұрын сотталмағаны, жұмыс орны берген оң мінездеме және шиеттей төрт баласының бары есепке алынған жоқ. Ал экс-шенді жазықсызбын деуден танбай отыр. Мүсілім Өмірияевтың соты үш ай бұрын басталған. 13 қазан күні оған соңғы сөз беріледі. Еске салайық, лауазымды шенді ірі көлемде пара алды деген айыппен тұтылған. Ал орынбасарының кінәсі дәлелденсе, Асылжан Мамытбеков отставкаға кететінін мәлімдеген. 

Мүсілім Өмірияев, айыпталушы:

В отношении конкурса по закупу ветеринарных препаратов, то я хочу заявить, что все, что касалось данного конкурса, то, что выходило за рамки законов, мною не поддерживалось и содействия не оказывалось.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ