Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жас кәсіпкерлер бас қосты

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2014
  • 1184

Ақтөбеде жас кәсіпкерлер бас қосты. Еліміздің  аймақтарынан жиналған 300-ге жуық  бизнес иелері өзара тәжірибе алмасып, білгендерімен бөлісті. Жастар арасында айды аспанға шығарған жобалар болмағанымен, бүгінгі нарыққа қажетті саланы меңгеруде. Тігін цехтары мен шаштараз, мүгедектерге қажетті пандустар мен жел генераторларын ұсынған.

Әлеуметтік салаға ден қойған жас кәсіпкерлер облыс әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарына ие болды. Ақтөбе облысында кәсіпкерлердің жартысы дерлік жас өрендер. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.

Абзал Қадырбаев, жас кәсіпкер:

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға болады. Мысалы, «Бизнестің жол картасы - 2020» деген бағдарлама бойынша да, мысалы, несие алуға болады. Пайыздары төмен. Мысалы, мемлекет бір жағынан өзі жауып тұрады. Қалған бөлігін кәсіпкердің өзі жабады.

Мансұр ЕСҚОЖИН