Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бәйтерек» холдингіне кіретін барлық компаниялар 2014 жылды еш шығынсыз аяқтайды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2014
  • 1164

«Бәйтерек» холдингіне кіретін барлық компаниялар 2014 жылды еш шығынсыз аяқтайды. Бұл туралы сенаторлармен кездесу барысында Басқарма басшысы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл бойы ұлттық холдинг активтері 251 миллиард теңгеге өскен. Басында 4 компанияда шығын болады деп болжанған. Дегенмен, соңында бұл қатердің жолын алдық, деді Бишімбаев.

Еске салайын, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі өткен жылдың мамырында Президенттің тапсырмасымен құрылды. Оған «Қазақстанның даму банкі», «Құрылыс жинақ банк», «Қазақстандық ипотекалық компания» және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры кіреді. Бүгінгі күні холдингтің несие қоржыны 979 миллиард теңгені құрайды.

Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ төрағасы:

Холдинг құрылған кезде 4 компанияда жоспарлы шығындар болады деп болжанған еді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша біз барынша мүның алдын ала алдық, бір ғана компанияның шығыны бар. Ал, 2014 жылы біз барлық компанияда шығын болмайды деп күтудеміз. 2013 жылмен салыстырғанда холдинг активтері 251 миллиард теңгеге өсіп, 2,1 триллионды құрады.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ