Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде Алматы күні өтуде

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2014
  • 2292

Өскемендегі Алматы көшесіне оңтүстік астананың символына айналған салмағы 4 тоннаны құрайтын, 2 метрлік алып алма қойылды. Қаладағы Алматы күндері осындай салтанатты рәсіммен ашылды. Өскеменде қар жауып, аяз болып тұр. Бірақ, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қала тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі. Қала да Алматыдан келген делегацияны бірінші рет қарсы алды. Қонақтар алма мен атақты алма ағашы сортының көшеттерін алып келді. Енді, Өскеменде Алматы көшесі ғана емес, этносаябақта орналасқан Алматы атты жеміс аллеясы да бар. Селекционерлер өнім көп күттірмейді, деп отыр.

Алматы күндерінің аясында оңтүстік астанадан келген дәрігерлер 3 операция жасап, өскемендік әріптестерімен 200-ге жуық кездесулер өткізіп, кеңес берді. Мұғалімдер болса, қазіргі мектеп оқулықтарының авторларымен тілдесуге мүмкіндік алды. Ал, екі қаланың кәсіпкерлері әріптестік келісім-шарттар жасасты.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

Өскеменнің табиғаты сұлу, ландшафты бай екенін білемін. Және бүгінгі таңда бізге аса қажетті осы туризм саласын бірлесіп дамыта аламыз.

Айтпақшы, көше мерекесін ұйымдастыру идеясы Алматыдан келген қонақтарға да ұнады. Ал, Алматыда Өскемен атауымен аталған көше бар ма деген тілшілер сұрағына оңтүстік астананың әкімі былай жауап берді.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

А вот это я не знаю.
- А не хотите ли открыть?
- Откроем, откроем, обязательно откроем!

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ