Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде алғаш рет гид-аудармашылар байқауы өтті

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2014
  • 1891

Қазақстанда алғаш ерт өткізілген гид-аудармашылар мен экскурсия жетекшілері байқауы мәресіне жетті. «EXPO-2017» көрмесіне дейін экскурсия жетекшілерінің деңгейін көтеру, сондай-ақ, ішкі туризмді дамыту үшін ұйымдастырылған шараның жеңімпаздары Астанада анықталды. Бірақ, байқауға қызылық еткендер «экскурсия жетекшілерінің деңгейіне көңілі толмайтынын айтып қалды. Бірақ, бұл сала бізде әлі дамуда», - деп қосты.

Тездетпесе болмайды, өйткені 2017 жылы өтетін «EXPO-2017» көрмесінде бұл білікті мамандардың көмегі аса қажет. Себебі, шеттен келген қонақтарға біздің еліміз бен жерімізді таныстыратын маман иелерінде үлкен жауапкершілік болуы керек. Сондықтан, енді мұндай байқаулар жиі ұйымдастырылмақшы. Қатысушылардың да ынтасы жоғары.

Диана Қыздарбекова, байқау жеңімпазы:

Маған бұл жұмыс қатты ұнайды: елімді басқа халықтарға, туристерге таныстыру. Мен әрбір ғимарат туралы мағлұмат бергенде өзім сондай тамаша сезімде боламын. Мінекей, бұл - менің Астанам, менің туған жерім дегендей. Алдымызда «EXPO-2017» келе жатыр. Соған ағылшын тілін жақсы меңгеріп, неміс тілін оқып, келешекте сол елден шетелден келген туристерге сол тілде жүршізуге үміттеніп жүрмін.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ