Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана қаласының ҰҚК шекара қызметі директорының орынбасары 4 жылға шартты түрде сотталды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2014
  • 1907

«Қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағылған Астана қаласының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметі директорының орынбасары Серік Әшімбаев 4 жылға шартты түрде сотталды. Бұл туралы Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Дәулет Молдабаев мәлімдеді.

Дәулет Молдабаев, Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы:

Оның заң бұзушылығы мемлекеттік сатып алулармен байланысты. Сот тергеу ісі барысында 240 миллион теңге сомасына пәтерлер сатып алынғандығы белгілі болды. Оларды Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі өзі қабылдап алған. Серік Әшімбаевқа алаяқтық бабы бойынша айып тағылған, алайда оның кінәсі дәлелденбеді. Қызметін асыра пайдаланғандығы анықталып, 4 жылға шартты түрде сотталды. Сондай-ақ, оған 2 жыл сынақ мерзімі тағайындалды.

Еске салайық, шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс өткен жылдың мамырында қозғалған болатын. Ол кезде біздің арнаға әскери прокуратураның ресми өкілі Әшімбаевтің тұтқындалғанын хабарлаған-ды. Оған әскерилерге арналған тұрғын үйді сатып алу кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Кейбір ақпарат құралдары Әшімбаев 300 млн теңге көлемінде мемлекет қаржысын жымқырды деп жазды. Алайда, ол кезде күдіктіні тұтқындап, жауапқа тартуға сот санкциясы шықпаған болатын.

Жұрағат БАМАН