Русский Сайттың толық нұсқасы

«Б» корпусының басқару деңгейі үшін ротация институты енгізілмек

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2016
  • 2168

«Б» корпусының басқару деңгейі үшін ротация институты енгізілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді.

Бұрын ротация «А» басқарушы корпусына ғана қатысты болса, енді бұл элементтер «Б» басқарушы корпусы үшін де жаңа модельге енгізілді. Мемлекеттік қызметкерлер үшін ротация үш жылда бір рет өткізіліп тұрмақшы. Саян Ахметжановтың айтуынша, бұл жаңашылдықтар «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында іске асырылып жатыр. Енді «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің бір орында алты жылдан артық отыруына болмайды.

Саян Ахметжанов, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы:

Егер басшы немесе мемлекеттік қызметкер лауазымы бойынша жұмысын жалғастырғысы келсе, онда бұл мерзім тағы үш жылға ұзартылады. Ол мерзім аяқталған соң, міндетті ротацияға жатқызылады немесе басқа қызметке ауыстырылады, олай болмаған жағдайда, жұмысынан босатылады. 

Берік ХАСЕНОВ