Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл қаласының әкімі болып Марат Тасмағанбетов тағайындалды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2014
  • 1206

Петропавл қаласының жаңа әкімі Марат Тасмағанбетовты облыс активіне өңір басшысы Ерік Сұлтанов таныстырды. Жақында ғана тағайындалған қаланың жаңа басшысы 1971 жылы Көкшетау облысында туған. Мамандығы - агроном, экономист. Бұған дейін шаһардағы аудандардың бірін басқарған. Облыс жетекшісі Марат Тасмағанбетовтың білікті басшы екенін атап өтті және оған жаңа орында он жылдай жемісті еңбек етуді тіледі.

Айта кетейік, Петропавлдың бұрынғы әкімі Төлеген Зәкәриянов 2-қазан күні отставкаға кеткен. Себебін отбасылық жағдаймен түсіндірді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА