Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та екінші адамның Эбола вирусын жұқтырғаны анықталды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2014
  • 871

АҚШ-та екінші адамның Эбола вирусын жұқтырғаны анықталды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі бұл деректі растап отыр. Науқас Техас штатындағы індетті бақылау орталығында медбике болып жұмыс істеген. Ол вирусты өзі күтім көрсеткен либериялық Томас Дунканнан жұқтырған. АҚШ президенті Барак Обама болған жайтты жіті зерттеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Бостон маңында Эбола дертін жұқтырды деген күдікпен тағы бір науқас ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оны шұғыл оқшаулаған. Жуырда ол Батыс Африкадан оралыпты.

Еске салайық, Батыс Африкада жұқпалы індет ушығып тұр. Онда қаза болғандар саны 4 мыңға жетті. Қауіпті вирустың ең көп тіркелген ошақтары - Либерия, Сьерра-Леона мен Гвинея.

Кеннет Пески, аурухананың аға жетекшісі:

Біздің нақты жоспарымыз бар. Оны бірнеше ай әзірледік. Сол жоспарды ұстанамыз. Ешкім сырқаттанбайды, әр науқас оқшаулауға алынған.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА