Русский Сайттың толық нұсқасы

Меккеге жаяу аттанған астаналық Дулат Иманқажы елге оралды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2014
  • 1598

Меккеге жаяу аттанған астаналық Дулат Иманқажы құлшылық сапарын тәмамдап, елге оралды. Ол бүгін таңертең Атырау халықаралық әуежайына түсіп, қасиетті мекенге аяқ тигізуге атсалысқан атыраулықтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, Астана қаласының 47 жасар тұрғыны 6 шілдеде бас қаладан шығады. Бірақ, Атырауға жеткенде қаржысы таусылып, 1 аптадай кідірген болатын. Сол кезде жергілікті кәсіпкерлер саяхатшының Меккеге жетуіне қаржы жинап берген-ді. Сол тұрған жерде Атырау арқылы оралып, алғыс айтуға уәде берген болатын.

Ақтау арқылы Бакуге, одан әрі Иран мен Кувейт арқылы Меккеге жаяу жетуді ойлаған желаяқ 7 мың жарым шақырым жолдың 5 мың шақырымын жаяу жүріп өткен. Қазақстанның 5 облысы мен 4 мемлекеті арқылы өтіп, қыркүйекітің 15-нде Сауд Арабиясына жеткен. Спортшы ретінде осы марафон арқылы салауатты өмір салты мен имандылықты насихаттау мақсатымды орындадым, дейді Дулат Иманқажы.

Базаркүл ІЗІМОВА