Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақтөбе» футболшыларына 3 млн теңгеден артық жалақы төленбейтін болды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2016
  • 1957

«Ақтөбе» футболшыларына айына 3 млн теңгеден артық жалақы төленбейтін болды. Бұл туралы команданың бас директоры Дмитрий Васильев «Астана» арнасына берген сұқбатында айтты. 


Қаржылық қиындықтарға байланысты 2016 жылғы маусымға бекітілген бюджеттің шағын екенін алға тартты. Үнемдеу мақсатында жас ойыншылар 500 мың теңге алады. Ал тәжірибелі ойыншыларжың жалақысы 3 млн теңгеден артық болмауы тиіс. Еске салсақ, аталған клуб ойыншыларының бірқатары 67 мың еуроға дейін айлық алып келгені облыс басшысының наразылығын тудырған еді.

Дмитрий Васильев, «Ақтөбе» ФК бас директоры:

Облыс әкімі қолда бар қаражатқа сәйкес осындай шектеулерді бекітіп берді. Мұндай бюджетпен 3 есе артық төлей алмайтынымыз түсінікті. Егер басқа клубтарда бұдан артық төлейтін болса, оған қуаныштымыз, әрине.

Мансұр ЕСҚОЖИН