Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің санкцияларға қарсы жауабынан кейін Еуропаның ауылшаруашылық өндірушілері 5 миллиард еуро шығынға батты

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2014
  • 908

Ресейдің санкцияларға қарсы жауабынан кейін Еуропаның ауылшаруашылық өндірушілері 5 миллиард еуро шығынға батты. Бұл туралы Еуропарламент депутаты Маттео Сальвини мәлімдеді. Ол брюссельдік шектеулерді «ұлы қателік» деп атады.

Депутаттың айтуынша, Италия Ресейге өз өнімдерін экспорттай алмай отырғандықтан 2 миллиард еуроға жуық қаржы жоғалтуда. Ал, Брюссель тек 200 миллион еуро шығынның орнын толтырып бермек көрінеді. Сальвини, Еуропаның дұрыс шешімге келетіндігіне сенімді.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 7 тамызында Ресей Еуропадан, Австралия, Канада, Норвегия мен АҚШ-тан ет, сүт, балық және көкеністер мен жеміс-жидек импортын шектеп тастаған болатын.

Жұрағат БАМАН