Русский Сайттың толық нұсқасы

Лондонда террорлық актіге дайындалған 3 күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2014
  • 1420

Лондонда лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен тағы үш адам құрықталды. Олардың өткен аптада осыған ұқсас қылмыс жасады, деп ұсталған исламшылар тобымен байланысы бар екендігі анықталған. Полицейлер тұтқындалған азаматтардың арасында «Ислам мемлекетімен» сыбайластар болуы ықтимал деген болжамды жоққа шығармады. Терроршылардың ең үлкенінің жасы 25-те. Ал осыған ұқсас тұтқындаулар жуырда Австралияда орын алған еді. 15 адам құрықталып, оларға ел аумағында бірнеше лаңкестік әрекет жасау әрекеті үшін айып тағылды. 800-дей полицей Сидней, Брисбен және Логан аймақтарында оншақты нысанды түгел тексеріп шықты.

Еске салайық, «Ислам мемлекетіне» қарсы 40 мемлекеттен тұратын халықаралық коалиция күресіп жатыр.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА