Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты
ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Аталған құжатты өткен аптада Қазақстан
Парламенті ратификациялаған болатын.
Құжатта Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық ықпалдастығы мен
ынтымақтастығын одан әрі тереңдету туралы жазылған. «Сонымен
қатар Қазақстанға қайта өңдеу өндірістерін дамытуға, газ тасымалы, темір жол,
автомобиль инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттер нарығына отандық тауарлардың шығуына
кедергілерді жоюға мүмкіндік береді», - делінген
Президенттің баспасөз қызметінің ресми ақпарында.
Еске салайық, Қазақстан, Ресей мен Беларусь
осы жылдың мамыр айында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол
қойған болатын. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Жұрағат БАМАН