Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжілісте шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі талқыланды

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2014
  • 1237

«Арселор Миттал» компаниясы қысқартып тастаған жергілікті мамандар Ресейге ауып жатыр. Қазақстанда  шет елдік инвестордың елегінен өтпей қалған кәсіби мамандарға көрші ел жоғары айлық ұсынуда. Бүгін Мәжілісте сырттан жұмыс күшін тартуға қатысты өткен жиында Инвестиция және даму министрінің орынбасары Альберт Рау осыны мәлімдеді. 

Альберт Рау, ҚР Инвестиция және даму министрінің орынбасары:

Наши коренные земляки уезжают в Россию на лучшие позиции, причем, это наши казахи. Их переманивает Россия, а тут от них освобождаются.

Заң бойынша шет елден тек елімізде тапшы мамандар шақыртылуы тиіс. Депутат Мұхтар Тінікеев келтірген мәлімет бұған қайшы. Теміртаудағы  «Арселор Миттал» компаниясы бас директордың әлеуметтік мәселелелер жөніндегі орынбасары етіп, Польша азаматын алдырған. Ол құжатта мүлдем басқа маман ретінде көрсетілген. Сорақысы - дәл осы азамат отандық мамандар үстінен «әңгір таяқ ойнатып» қысқарту жұмыстарын жүргізіпті.

Өткен жылы Бас прокуратура инвесторлардың жергілікті жұмысшыларды алалап, бірдей еңбекке әр түрлі ақы төлеген 123 деректі анықтаған. Алдағы уақытта еңбек заңының олқы тұстары жетілдірлмек. Бірақ ел экономикасына 20 миллион доллар құйған инвесторлар бір жылға жұмыс күшінің 50 пайызын өз елдерінен алдыруға құқылы. Депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде елімізге шет елден мигранттар ағылуы мүмкін деп қауіптенеді. Қатарға Армения қосылғаны белгілі. Қырғызстан да одақтас болуға асық. Сондықтан мәжілісмендер шет елдік жұмыс күшіне салық салуды ұсынды.

Ольга Киколенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

«Еңбекпен қамту» бағдарламасы үшін қазынадан өзіміз 100 миллиардтап алып жатқанда, 60 мың жұмыс орнын сырттан келгендерге беріп, «мырзалық» танытқан дұрыс емес сияқты.

Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Ресей мен Белоруссияда айлық жоғары. Керісінше, одақ кәсіби мамандардан айырылмас үшін,  біздегі жұмыс берушілердің айлықты өсіруіне әсер етуі мүмкін. Егер Қырғызстан қосылған жағдайда, көреміз. Қазір өз еңбек нарығымызды қорғауға бағытталған заң жобасы қаралып жатыр.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ