Елімізде
тексерістен өткен нысандардың жартысынан көбі мүмкіндігі шектеулі жандарға
ыңғайсыз. Бұл туралы бүгін Парламент
Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова айтты. Комитет
отырысында жарымжан адамдарды қоғамға бейімдеу жайы сөз болды.
Вице-министр 2012
жылдан бері нысандардың мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлылығын бағалау
жұмыстары басталғанын айтты. Ол бойынша, қолжетімділік паспортын құру үшін, 55
мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылымды тексеріп шығу жоспарланған.
1 қыркүйектегі
мәлімет бойынша,
24 мыңға жуық нысан паспортталып, соның ішіндегі 18 жарым мың нысан «бейімдеуді қажет етеді» деп
танылған. Тексерілген нысандардың 78,7
пайызы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайсыз болып шыққан. Яғни қайта
ыңғайлауды қажет етеді. Сондай-ақ Светлана Жақыпова «55 мың нысанның 5 жарым
мыңы ғана мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді»
екенін атап өтті.
Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:
Кедергісіз
орта қалыптастыру жоспары бойынша, 2014 жылы Қазақстанда 2135 нысанды
мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап ыңғайлау көзделген. Оның ішінде 697 нысанды
қайта ыңғайлау «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша, ал 1438
нысан жергілікті бюджет қаражаты есебінен атқарылады.
Тоғжан
ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ