Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» президенттік спорт клубы Головкинге 3 млн доллар төлеуге әзір болғандарын мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2014
  • 1204

«Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы Геннадий Головкинге өкпелі. Нақтырақ айтсақ, жеке менеджері Олег Германға. Бұл туралы арнамызға арнайы сұхбат берген президенттік клубтың бас менеджері Юрий Мельниченко мәлімдеді.

Еске салсақ, Геннадий Головкиннің жеке менеджері: «Астана» спорт клубы әйгілі боксермен келісімшарт жасады деген сөз аңыз. Бұл тек олардың дәрежелерін көтеру үшін жасалған жарнама», - деген-ді.  Алайда президенттік клуб 3 жыл ішінде Головкинге 3 миллион доллар төлеуге әзір болғандарын мәлімдеп отыр. Бірақ боксердің менеджерлері келісімшартқа қол қоймапты. Қырауар қаражат осы күнге дейін клубтың есепшотында жатыр екен. «Алайда әйгілі боксерге өткен жылы 500 мың доллар берілгені рас», - дейді президенттік клуб өкілдері.

Юрий Мельниченко, «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының спорт бойынша бас менеджері:

Барлық түрлі талқылаулардан соң, "Самұрық-Қазына" басшылығы келесідей шешімге келді. Геннадий Головкинге арнайы демеушілік көмек ретінде «жеке-дара стипендияны» тағайындады. Бұл оның қаржыны қалай жұмсағаны жөнінде ешқандай есеп беруге тәуелді қылмады, бірақ оны имидждік шараларға қатысуға міндеттейді.