Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда Эбола вирусының таралу қаупі жоқ

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2014
  • 1330

Қазақстанда Эбола қызбасының эпидемиялық таралу қаупі жоқ. Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиасқар Мәтішев осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда Эбола қызбасының табиғи ошақтарының тамыр жаюы және эпидемияның таралуына түрткі болатын еш қолайлы жағдай жоқ. Қандай да бір қауіп төнсе, біздің медициналық мекемелеріміз вирусты жұқтырған адамды дереу анықтап, оны оқшаулап, емдеуге дайын, - деді. Комитет төрағасы, елімізге шет мемлекеттерден Эбола вирусының еніп кетпеуі үшін қажетті санитарлық-эпидемиялогиялық күрес шаралары комплексті түрде жасалғанын айтты. Шекаралардағы барлық өткізу аумақтарында санитарлық-карантиндік бақылау күшейтіліп, жыл басынан бері Мемлекеттік шекараның өткізу бекеттерінде 2 млн-нан астам адам тексерілген. Инфекциялық аурулар жұқтырғандар анықталмаған. Сондай-ақ, елімізде аталмыш дертке қарсы 238 оқу-жаттығулар жүргізіліп, барлық жауапты ведомстволардың іс-қимыл әрекеттері пысықталған. Зертханалық қызмет Эбола қызбасына зерттеу жүргізуге дайын екен және диагностика үшін рентгендер қоры жасалыпты.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 10 қазандағы мәліметі бойынша, Эбола вирусын жұқтырған 8399 адам тіркелді. Олардың 4033-і қайтыс болған.

Әлиасқар Мәтішев, ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасы:

Біз бүгін өзіміздің лабораторияда диагностика бар, келіп жатқан халықаралық жолдардан келіп жатқан адамдарды біз өзіміз тепловизормен қарап тексеріп, келген пассажирлердің жағдайы шамалы ауру болып жатса, біз оларды ерекше алып тексеріп, қайдан келді, кіммен қатынасты, біз соны көріп, оның бәрін қарайтын жағдайымыз бар.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ