Русский Сайттың толық нұсқасы

Эбола безгегінен қаза болған азаматтың мәйіті 2 күн көшеде жатты

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2014
  • 1313

Сьерра-Леоне астанасы - Фритаунда қақтығыстар болды. Эбола вирусынан қайтыс болуы мүмкін, деп болжанған ер азаматтың денесі бірнеше күннен бері көшеде жатқан. Оны алып кетпеген басшылыққа наразы болған жергілікті тұрғындар полицейлермен ерегесті. Қақтығыс - сейсенбі, кешке Абердин ауданында болды. Қала тұрғындарының айтуынша, қайтыс болған ер адамның мәйіті 2 күн бойы көшеде жатқан.

Ал, жергілікті басшылар еш әрекет қылмаған. Қақтығыс салдарынан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Тәртіп сақшылары жиналған жұртты тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашып, аспанға оқ атқан.

Айта кетейік, қыркүйекте Сьерра-Леонеде белгісіз жастар Эбола вирусынан қайтыс болған 5 адамды жерлеген дәрігерлерге шабуыл жасады.

Уильям Сао Ламин, Фритаун қаласының тұрғыны:

Жағдай үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Онсыз да Фритаунда ауруды жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Денсаулық министрлігіндегілердің кеш қимылдауы кесірінен, жүздеген адам өз отбасы мүшелерімен байланыс жасап, жұқтыру қаупін күшейтіп жатыр. Ал, бірнеше күннен бері көшеде жатқан мына мәйіттен қанша адамға дерт жұққанын кім білсін...

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ