Русский Сайттың толық нұсқасы

Эбола вирусын жұқтырғандар арасында өлім дерегі 70 пайызға артты

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2014
  • 1208

Эбола вирусын жұқтырғандар арасында өлім дерегі 70 пайызға артты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеп, «Ассошиэйтед Пресс» хабарлады.

Ұйымның бас директорының көмекшісі Брюс Эйлвардың сөзінше, өлімнің мұндай көрсеткіші тым жоғары. Сондықтан, халықаралық ұйым барынша науқастарды оқшаулап, оларға қысқа мерзімде емдеу қызметін көрсетуге ден қоюды дұрыс санап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, алдағы екі айда Эбола жұқтырғандардың апталық саны - 10 мың адамға дейін ұлғаю мүмкін, - деп хабарлайды «Ассошиэйтед Пресс».

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ