Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жасы 65-ке жеткен жүргізушілер әр екі жыл сайын медициналық тексерістен өтетін болады

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2014
  • 1055

Қазақстанда жасы 65-ке жеткен жүргізушілер әр екі жыл сайын медициналық тексерістен өтіп тұруы керек. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді.

Хабарламада «Жол қозғалысы туралы» заңның 29-бабының 5-тармағына сәйкес, жасы алпыс беске жеткен жүргізушілер әр 2 жыл сайын медициналық тексеруден өтуге міндетті» делінген. Сондай-ақ, заңға жолаушылар мен қауіпті жүк тасымалдайтындар әр 3 жылда, ал жасы 50-ден асқан жүргізушілер жыл сайын дәрігерлерге қаралуы тиіс деген талап енгізілген. Қазір болса, жүргізушілер жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен кезде ғана, яғни, әр 10 жылда бір рет дәрігерлердің тексеруінен өтеді.

Медициналық тескерістің мақсаты - жүргізуші денсаулығының жарамдылығы мен жүргізушілікке қандай да бір шектеу қойылғандығын анықтау, - деді комитеттің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ