Русский Сайттың толық нұсқасы

Саясаттанушылар: Кезектен тыс Парламент сайлауы өткізілсе, заң шығарушы органның жұмыс сапасын арттыруға сеп болады

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2016
  • 1301

Кезектен тыс Парламент сайлауы өткізілсе, заң шығарушы органның құрамы жаңарып, жұмыс сапасының артуына сеп болар еді. Саясаттанушылар пікірі осы. Олар: "Іс басындағы депутаттар бес институционалдық реформаға қажетті негіздемені әзірледі. Ендігі міндет оны нәтижелі жүзеге асыру", - дейді.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

Реформаларды әрі қарай жүргізу үшін, сонымен қатар сыртқы болып жатқан процесстерге жауап беру үшін, әрине, Парламент жаңа күн тәртібімен, жаңа бет-бейнесімен, жаңа көзқарастарымен келуі керек.

Еңлік Нұрғалиева, «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ұйымының президенті:

Менің ойымша, егер кезектен тыс сайлау өткізілген жағдайда, Парламенттегі саяси партиялар саны артады. Сан бар жерде сапа да болады. Себебі бәсекелестік жоғары. Сондықтан Ұлт жоспарын іске асыруда жауапкершілік артар еді.

Азат Шәуеев, «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» ұйымының директоры:

Ұтарымыз, жаңағы айтып жатырмыз ғой, пенде болғаннан кейін мынау бюджеттің қаржысын үнемдейміз. Үшіншіден, әлемге біз Қазақстанның жаңағы мобильді ел екенін, күннен күнге дамып келе жатқан ел екенін  тағы да дәлелдей түсеміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ