Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда жауынгер табельді автоматтан өзіне өзі оқ атты

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2014
  • 1310

Ақтауда жауынгер табельді автоматтан өзіне өзі оқ атты. Оқиға 21 жасар Әбілмансұр Мұқан әскери борышын өтеп жатқан түзету мекемелерінің бірінде болды. Сарбаз 66/56 әскери бөлімшесіне Тараз қаласынан шақыртылған. Бөлімше басшылары әлімжеттік жайында сөз де болуы мүмкін емес дейді.

Медет Жиғанғалиев, Маңғыстау облыстық ауруханасы жедел және медициналық көмек қызметінің басшысы:

Қазір науқас бірінші хирургия бөлімшесінде. Жағдайы тұрақты, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Өз айтуы бойынша солдат өз-өзін атып алған.

Сарбаз ішінен атылған жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Абырой болғанда, оқ ішкі құрылысқа тимей өте шығыпты. Операциядан кейін жігіт хирургия бөліміне жөнелтілді. Әскери бөлімше басшыларының айтуларынша, төтенше оқиға қаруды қолдану кезіндегі абайсыздықтан орын алып отыр. Тергеушілерде тіпті әлімжеттік фактісінің болмағандығын дәлелдейтін таспа да бар көрінеді.

Самат Әбжанов, Ақтау қаласы 6656 ә/б тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басшысының орынбасары:

Абайсызда, қару қолдану кезіндегі абайсыздықтан орын алды. Әлімжеттік, жәбірлік, қорлау болған жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ