Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа қауіп - Эбола безгегі мутацияға ұшырады

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2014
  • 1271

Эбола індеті мутацияға ұшырауда. Сарапшылар жұқпалы дерттің әлемнің түпкір-түпкірінде таралуына қатысты осындай пайымға келді.

Белігілі болғандай, АҚШ-та вирусты жұқтырған медбике Атлантадағы Эмори университетінің ауруханасына жеткізілді. 29 жастағы Эмбер Уилсон дерттен қаза болған либериялық Эрик Дунканға күтім көрсеткен. Ал Испанияда тағы бір медбикенің дін қызметшісінен індетті қалай жұқтырғаны анықталуда. Екі жағдай да ауруға сақтық шараларын қатаң сақтайтын дәрігерлер шалдығып отыр.

Бұрын вирустың ауамен таралмайтыны айтылған. Тек биологиялық сұйықтықтың араласуынан ғана таралуы мүмкін делінген. Енді ғалымдар індет мутацияға ұшырады деген болжамға келді. Ресейлік БАҚ өкілдері қазір сарапшылар аса қауіпті инфекцияның 300 түрін анықтағанын хабарлады.

Самат ҚАНАҒАТОВ