Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
Миланға жұмыс сапары аясында Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Екі ел басшысы сауда-экономика,
инвестиция және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту
мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық
қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде де өзара пікір алмасты.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев
Миланға «Азия-Еуропа» форумының саммитіне қатысу үшін барды. Саммиттің басты
тақырыбы - «Орнықты даму жане қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты
серіктестік». Форум жұмысына 50-ге жуық елдің
үкімет және мемлекет басшылары қатысады. Қазақстан -
аталмыш форумға қатысу мәртебесіне ие болған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ