Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Миланда халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2014
  • 883

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Миланға жұмыс сапары аясында Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел басшысы сауда-экономика, инвестиция және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде де өзара пікір алмасты.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Миланға «Азия-Еуропа» форумының саммитіне қатысу үшін барды. Саммиттің басты тақырыбы - «Орнықты даму жане қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты серіктестік». Форум жұмысына 50-ге жуық елдің үкімет және мемлекет басшылары қатысады. Қазақстан - аталмыш форумға қатысу мәртебесіне ие болған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ