Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысы Қаламқас кен орынында өрт шығып, үш адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2014
  • 1647

Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орынында төтенше жағдай болды. Газ құбырын  дәнекерлеу кезінде өрт шығып, үш адам зардап шекті.

Жапа шеккендер санитарлық авиация ұшағымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тыныс алу жолдары күйген бір жұмысшы жан сақтау бөліміне жатқызылды. Қалған екеуі травматология бөліміне орналасты.  Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын қалыпты деп бағалауда. Өрттің неден шыққанын арнайы тергеу тобы анықтау үстінде.

Татьяна Воронина, Маңғыстау облыстық ТЖД анықтау бөлімінің бастығы:

Дәнекерлеу кезінде өрт шыққан. 3 адам жараланды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ