Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ГМО тексеру зертханасы ашылды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2014
  • 2694

Азық-түлік тауарлары құрамында генді модификацияланған организмдердің бар-жоғын енді Шымкенттік мамандардың өздері-ақ анықтай алады. Арнайы ашылған зертханада тұтынушылардың талабына сәйкес сұраныс қамтамасыз етіледі.

Әзірше санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы соя мен жүгері өнімдерінің құрамын тексеріп жатыр екен. Алдымен сарапшылар өнімнің ДНК жасушаларын бөліп алып, әрбір өнімді жеке нұсқамасы бойынша сараптамадан өткізеді. Германиядан әкелінген құрал-жабдықтар арқылы олардың генді модификацияланған ағзалар құрамын анықтаймыз, дейді. Әуелгі кезекте сынамасы алынған алты жүгері өнімінің генді модифицирленген ағзасы шекті мөлшерде.

Дегенмен, денсаулыққа зиянды қоспалар бүгінде көптеген азық-түлік өнімдерінде кездесетіні жасырын емес. Келер жылдан бастап зертхана қызметкерлері ет өнімдерінің құрамын да зерттеуді бастамақ. Мәселен, кәуап, самса секілді тамақ өнімдеріне ненің еті қосылғанын көпшілік біле бермейді. Тіпті, «халал» дегені болмаса, талай өнімнің құрамы күмән тудырады. Мамандар гендік өзгеріске түскен өнім мөлшері шектен тыс болған жағдайда адам ағзасына айтарлықтай кері әсері болып жатады. Сондықтан, отандық болсын, шетелдік болсын кез келген өнімді тексеріп барып, халыққа ұсынуымыз қажет, деп санайды.

Гүлмира Бабаханова, дәрігер-бактериолог:

Мысалыға, колбасаны біз осы күнге дейін ойлаймыз ғой 100 процент еттен тұрады деп. Колбасаның құрамында 10-ақ пайыз ет болуы мүмкін да, қалғандары гендік модифицирленген организм. Ол мөлшерде болса жақсы. Ал мөлшерден тыс болса, уже организмге зиянды. Тіптен, қазір генді модифицирленген организмнен онкологиялық аурулар пайда болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ