Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан құрамасы 17-ші Азия ойындарында 84 медальді иеленіп, командалық есепте 4-орынға табан тіреді

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2014
  • 835

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен 17-ші Азия ойындарында жоспарды асыра орындады. Бастапқыда 25 алтын медальді ұтып алу жоспарда болған. Ал іске келген 28 алтын жүлде құрама қоржынына түсті. Жалпы саны 84 медальді иеленген ел құрамасы командалық есепте 4-орынға табан тіреді.

Корея жерінде ел намысын аброймен қорғаған спортшылар мен олардың бапкерлері бүгін ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бокстан ұлттық құрама спортшылары 6 алтын медальді ұтып алса, жүзуден Дмитрий Баландин Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Каратэшілеріміз де қалыс қалмай, 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медальді ұтып алды. Қалған спортшыларымыз да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Азия ойындарында ел абройын асырып қайтты.

Самат ҚАНАҒАТОВ