Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда қоғамдық көлік жүк пойызымен соқтығысты

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2014
  • 1270

Петропавлда қоғамдық көлік  жүк  пойызымен соқтығысты. Оқыс оқиға таңғы сағат 6 жарым шамасында орын алған. Бейебақылау камерасынан автобус жүргізушісінің темір жолмен қиылысатын жолдағы «тоқта» белгісін елемей, жылдам өтіп кетпек болғаны анық көрінеді. Осы кезде жүк пойызының вагондары автобусты оң жақ бүйірінен қаққан. Қоғамдық көлік жүргізушісі  «тоқта» деп айқайлаған темір жол қызметкерін  көрмегенін айтады.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жол апаты салдарынан көшеде ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Әбілсейіт Жолаушиннің айтуынша, автобусты тізгіндеген азамат кінәсін толық мойындап отыр.  Енді оған жол көлік ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынбақ. 


Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

Автобус күрделі жөндеуді талап етеді. Ал поезға еш зақым келмеген. Олар автобус жүргізушісінен моральдық өтемақы талап етіп отырған жоқ. Қазір қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Абзал ҚҰРМАНКИН