Қостанайда
пара алды деп айтыпталған экс-шенеуніктер мен серіктестік директорына қатысты
сот отырысы басталды. Қала әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелян 300 мың
теңге көлемінде пара алды деген күдікпен өткен жылы қамауға алынған.
Тұрғын-үй
коммуналды шаруашылық саласының тағы бір шенеунігі Жеңіс Шинкинге 6 бап бойынша
айып тағылған. Оған «СМУ-2010» серіктестігінің директорымен сыбайласып,
қазынаның 20 миллион теңгеге жуық қаржысын
талан-таражға салды деген күдік келтірілді. Ол мұнан да басқа бірнеше эпизод
бойынша айыпталды.
Таңат
Тасов, Қостанай облыстық прокуратурасының прокуроры:
Келісімшартта
көрсетілген міндеттемелерді орындаудың орнына, Шинкин мен Бобровный сыбайластық
жасап қазына қаражатын заңсыз жолмен иемденуді көздеген. Сөйтіп «Елді
мекендерді көгалдандыру» бағдарламасы бойынша бөлінген ақшаны талан-таражға салған. Шинкин көше
бойындағы жарық бағандарын сапалы бояумен
емес, тым арзан бояулармен әрлеу керек деп, серіктестік директорына
нұсқау берген.
Заңғар САНАЙ