Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауды ақ ұлпа қар көмкеріп тастады

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 1227

Енді ауа райы туралы. Алдағы үш күнде елімізде күн суытып, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста тұман түсіп, көктайғақ болады. «Қазгидромет» мамандары, «Терең циклонды және суық атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашынды ауа сақталады», деп хабарлады.

Осы күнге дейін 20-27 градус ыстық болып келген Оңтүстік Қазақстанда жылдамдығы секундына 30 метрге жететін жел соғып, ауа температурасы 12 градустан көтерілмейді. Дәл қазір Жамбыл облысында дауылды ескерту тарытылып жатыр. Өйткені жаңбырдың соңы қарға ұласып, 22 м/с болатын екпінді жел соғады. Астанада көктайғақ болып, сынап бағанасы 1 градус шамасында сақталады.

Ал бүгін Көкшеутауды қалың қар басты деп жазады «Қазақпарат», қардан кейінгі қаланың көрінісін де жариялады. Жаңбыр қарға ұласып, бір сағаттың ішінде қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастаған. Салдарынан көлік қатынасы қиындап отыр. Жалпы, синоптиктер 2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс суығырақ болады, - деп отыр.

Илхам ИБРАГИМ