Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемнің ірі банктері депозиттер бойынша үстемақы төлеуді тоқтатты

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 1141

Әлемдегі ірі банктердің депозит салымшылары шығын көріп жатыр. Кейбір банктер еуромен депозит ашқан қалталы тұтынушылардың пайыздық мөлшерлемелерін өсірмейтін болды. Керісінше, клиенттерінің қаражатын сақтағаны үшін ақша алмақ. Бұған дейін қыркүйек айында Еуропалық Орталық банк өзіне ыңғайлы тәжірибе енгізген еді. «Салымшылардың қаражатын сақтап, асырудан пайда жоқ. Біз бұл сомманы несие ретінде таратып береміз», деді аталмыш банктің әкімшілігі.

Өз кезегінде бұл ақша айналымға түсіп, Еуропа экономикасын көтеруге бағытталады, деп ақталды. Еуропалық Орталық банкінен соң кері пайыздық мөлшерлемені «Бэнк оф Тью-Йорк Меллон», «Голдман Сакс» және «Джи ПИ Морган Чейз» банктері де енгізді. Енді британдық «Эйч Эс БИСИ» де дәл осылай істемек ойда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА