Русский Сайттың толық нұсқасы

Республикалық этнографиялық автоэкспедиция Керекуге де жетті

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 1228

«Менің Елім - Мәңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін». Осындай айдар тағылған республикалық этнографиялық автоэкспедиция Керекуге де жетті. Бұған дейін саяхатшылар еліміздің жеті өңірінде болған.

Павлодардан соң белсенді жастар Семей қаласына аттанады. Жоба қазанның 1-і күні Ақтау қаласынан бастау алды. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белсенді жастарға сәт-сапар тілеген еді. Президент аталған шараның ортақ идеяларға біріктіру жолында ерекше мәні барын атап өтті. Ұлтаралық татулық пен келісімді насихаттау, патриоттық көңіл-күйді арттыру, аймақтар ынтымақтастығын нығайту акцияның негізгі ұстанымы екені айтқан болатын.

Экспедиция құрамы әр алуан. Мұнда этнограф, фотограф, журналист, блогер, әртіс, бейнеоператормен қоса медицина қызметкерлері де бар. Команда 20 адамнан жасақталған. Жоба соңында экспедицияға қатысушылар арнайы фильм әзірлемек. Туындыда 16 аймақты аралаған жастар көрген-білгені мен алған әсерлерімен бөліседі.

Бақтыбай Жайлау, экспедицияға қатысушы:

Павлодар сияқты елдің шетінде, желдің өтінде тұрған өңірдің жастарының рухы биіктігінің арқасында осындай деңгейге жетіп отыр. Біз ризамыз. Себебі, патриоттық сезімі, тілі, ұлтжандығы, еліне деген махаббаты ерекше. Жанарынан, жүзінен, сөйлеген сөзінен көрініп тұр.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ