Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайрат Келімбетов: Теңгенің долларға байланысты белгіленген бағамы кем дегенде 3 жыл өзгермейді

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 1010

Девальвация болмайды! Еліміздің Бас банкирі Қайрат Келімбетов осылай деп мәлімдеді Айтуынша, төл теңгенің долларға байланысты  белгіленген бағамы кем дегенде 3 жыл өзгермейді. «Ұлттық қордағы 104 миллиард доллардан астам қаржы дәл қазіргі бағамды ұстап тұруға жеткілікті. Ал былтыр ақпанда АҚШ валютасының 30 пайызға қымбаттауы әлемдік макроэкономикалық ахуалды алдын ала болжап барып жасалған қадам. Сондықтан даурығуға негіз жоқ». Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас банкир көпшілікті күпті еткен сауалға қатысты осылай деп жауабын берді.

Айта кетейік, сарапшылар соңғы уақытта ресей рублінің әлсіреуі мен мұнайдың арзандауына қатысты теңгеге тағы тықыр таянды деп болжам жасап үлгерген. Ұлттық валютаның жыл соңына дейін 15-20 пайызға құнсыздануы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Ал  Келімбетов  елімізде доллар тапшылығы жоқ. Барлық банктер мен айырбас пункттерінде «көк қағаз» жеткілікті деп сендірді.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

3-5 жылдың ішінде ешқандай өзгеріс болмайды. Ол туралы ешқандай ой болмауы керек. Әрбір сарапшылар қазір көп нәрселер  айтады. Негізі Ұлттық банктің резервіне қарап, содан ой-пікір болуы керек. Менің ойымша, ешқандай өзгерістер болмайды.

- Халық екінші рет алданса, қызметіңізде отыра бересіз бе?

- Что дальше будет происходить с мировой экономикой не зависит от Национального банка. Вот это мой ответ на ваш прямой вопрос.

Сондай-ақ, Келімбетов  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» жылды табысты аяқтайтынын айтты. Инвестициялық кіріс 6,5 пайыз. Былтыр ол 2,2 пайыз болған. Алдағы уақытта зейнетақы қорына жиналған қаржы үш бағытта жұмыс істемек. Оның 33 пайызы мемлекеттік құнды қағаздарға, тағы 33 пайызы екінші деңгейлі банктерге, қалғаны халықаралық активтерге салынады. Бас банкир бұл қадам инвестициялық табысты тұрақты түрде еселейді деген сенімде.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

Вкладывается НПФ сегодня в абсолютно надежные бумаги. Не знаю, кто там как ее подает, что она отрицательная, еще раз хочу сказать, что она положительная. С начала года она составила 4,4%, в прошлом году - 2,2, на первое октября - 4,4, на конец года она будет 6,5%.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ