Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұзақбай Қарабалин: 2017 жылдан бастап Қазақстанның ішкі нарығы тек қана отандық жанармаймен қамтылады

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 1587

Ал Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин Кристоф де Маржеридің қазасы Қашаған жобасына кедергі келтірмейді деген пікірін білдірді. «Француз компаниясымен қарым-қатынас бұрынғыша жалғасады», - деді ол. Вице-министр бұл  жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты.

Сондай-ақ Қарабалин: «2017 жылдан бастап Қазақстанның ішкі нарығы тек қана отандық жанармаймен толық қамтылады», - деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы жанар-жағармай нарығында ахуал тұрақталып келе жатқанын және бірнеше облыста май құю бекеттеріндегі шектеулер алынып тасталғанын айтты.

Ұзақбай Қарабалиннің сөзінше, ішкі нарықты ашық түсті мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары әзірге қауқарсыз. Тіпті зауыттар жүз пайызға жұмыс істегеннің өзінде, жанармай тапшылығы 30-40 пайызды құрайды. Сондықтан көрші Ресей  мен басқа да елдерден жанармай экспорттауға мәжбүрміз. Ішкі қажеттіліктің жартысы Қытайдан толлинг операциялары аясында қанағаттандырылып, 9 айда 285 мың тонна көлемінде ашық түсті мұнай өнімдері жеткізілген. Ұзақбай Қарабалин, жыл соңына дейін импортталатын жанармай көлемін де айтып өтті.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:

Қазан-желтоқсан айларында еліміз АИ-92 жанармайының 272 мың тоннасын импорттайды. Қазақстаннан мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалдануына жол бермеу мақсатында көршілес елдермен шекаралық аймақтарда бақылау күшейтілді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ