Русский Сайттың толық нұсқасы

Қашаған 2016 жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылады

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 1090

Қашаған 2016 жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылады. «Астана» телеарнасының сұрағына Энергетика министрі Владимир Школьник мәжіліс қабырғасында осылай деп жауап берді. Ал әлемдік мұнай бағасының төмендеп жатқаны ел бюджетінің кіріс бөлігіне әсер етпей қоймайды. Десе де, бензин бағасы, министрдің айтуынша, тұрақталған.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Қазір жағдай тұрақталды. Көріп тұрғандарыңыздай, қалада көліктер азайған жоқ. Әлі де үлкен көліктерде бір ғана адамнан отырады.  Барлық аймақтарда жағдай тұрақты. Негізгі 92-ші бензіннің қоры әр аймақта бар. Біз күн сайын ол қорды тексеріп отырмыз. Үкімет жаз айларында тап болған дағдарыстан шығу үшін, әлі де жұмыс атқарып жатыр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ