Русский Сайттың толық нұсқасы

«ҚазТрансОйл» компаниясының акциялары қазан айында неліктен құлдырап кеткенін бас директор түсіндірді

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2014
  • 981

«ҚазТрансОйл» компаниясының акциялары қазан айында неліктен құлдырап кеткенін бас директор Қайыргелді Қабылдин түсіндірді.

Биылдыққа компанияның таза табысы 42 миллиард теңгені құраған. Ал былтыр ол 63 миллиард болатын. Қабылдин, табыстың азаюына түрткі болған басты себептерді атады. Ол біріншіден - жыл басындағы девальвацияға қатысты. «ҚазТрансОйл»-мен серіктес кәсіпорындар қазақ-қытай мұнай құбырын салу кезінде несиені доллармен алған.

Екіншіден - Ресей Шымкент пен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарына жылда 7 миллион тонна мұнай жеткізетін. Оны биыл тоқтатқан. Сондықтан, экспорт азайды. Десе де, Қабылдин мырза биыл дивиденд төлеуге жалпы табыстың 40 пайызы жұмсалатынын айтып қалды. «Халықтық-IPO»-ға шығарған акциядан компанияға 28 миллион теңге түскен.

Айта кетейік, елде өндірілетін мұнайдың 60 пайызы діттеген жерге осы «ҚазТрансОйл» құбырлары арқылы жеткізіледі.

Қайыргелді Қабылдин, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры:

42 миллиардтан кемінде 40 пайызын дивидендке төлейміз. Өткен екі жылда 12-13 жылдардың дивиденді пайдасы 70 миллиард оның халыққа 10 процентін 7 миллиард төлеп жатырмыз.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА