Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда бала ұрламақ болған шымкенттік әйел қылмыс үстінде ұсталды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2014
  • 1376

Атырауда бөтен біреудің баласын ұрлап кетпек болған әйел қолға түсті. Оқиға өткен жексенбі күні кешкісін болған. «Сары Арқа» мөлтек ауданындағы аулада алаңсыз ойнап жүрген бес жасар баласын бөгде біреудің көлікке отырғызып жатқанын анасы байқап қалған. Бірден полиция органдарына өзі хабар береді. Араға жарты сағат өтпестен патрульдік полиция күдікті көлікті басқа мөлтек ауданнан тоқтатқан.

Бала аман, ата-анасына қайтарылды. Ал оны өзімен бірге әкетпек болған 22 жастағы шымкенттік азаматшаның іс-әрекеті тексеріліп жатыр.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бүлдіршінге ешқандай зорлық-зомбылық көрсетілмеген. Қазір ол ата-анасына табысталды. Тал түсте баланы ілестіріп кетпекші болған 1992 жылғы туған азаматшаның мұндай оқыс қадамға неге барғаны қазіргі уақытта анықталуда.

Базаркүл ІЗІМОВА