Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында ҚР Қарулы Күштері жаяу әскерінің жасақтары сынақтан өтті

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2014
  • 1625

Құрлық әскерлерінің қайсысы күшті. Жамбыл облысында республика бойынша жеті жүзге жуық жауынгерлер өзара мықтыны анықтауда. Өңірлік қолбасшылықтар өздерінің атақтарын қорғап қалуда барын салуда. Атылған оқ, жойылған нысандар, түрлі қару-жарақтар жайында, Отардағы нағыз шайқасты көріп қайтқан тілшіміз тарқатады.

Біз қазір Матыбұлақ полигонындамыз. Мында Қазақстанның Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінің аймақтық барлық бөлімшелері арнайы сынақ тапсыруда. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген әскерилер өзара сынасып, үздіктерін анықтайды.

Сынақты алғашқы болып артиллерия бастады. Олардың міндеті - 2 және 3 шақырымдағы нысандарды жою. Жойқын күші бар қарудан атудан сарбаздар мүлт кетпеді. Санаулы секундттарда барлық нысандар жермен жексен болды.

Әскерилер ауыр техникада да шеберліктерін шындады. Сайыс алаңына танкілер мен БТР-лар шықты. Жауынгерлерге мергендігін дәлелдеуде жауын-шашын да қиындықтар тудырды. Төрелік жасайтын Қорғаныс министрлігі өкілдері сынақ алаңында арнайы жаттығудан өтіп жатқандар - қатардағы жауынгерлер екенін айтты.

Мереке Көшекбаев, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары:

Мына экспресс-тестке бір апта қалған кезде біздің қолбасшымыз құрлық әскерлерінің нақты айтады қай құрамдар, қай әскери бөлімдерден тексеріледі екені. Содан командирлер билмейді қай әскерлер екенін. Сол бүкіл әскери бөлімнен «методом случайнего назначения» дейміз, содан бір ротаны ғана шығарып, осы жерде тексеріледі.

Мынау - сарбаздарды сынайтын ең қиын алаң. Мында жауынгерлердің физикалық жағдайлары тікелей тексеріледі. Сондықтан, барлығы барынша берілген межені тез өтуге тырысуда. Атылған оқ, айнала қара түтін, барлығы ұрыс жағдайына келіңкірейді. Сарбаздар қаруларын жылдам жинап, алдағы кедергілерден өтуі тиіс. Қол жетім жер болғанымен, осы қашықтықта жауынгер жан-жақты сыналады.

Жақсылық Хамзаев, 32/363 әскери бөлімінің гвардия сержанты:

Бұл сайыстың уақыты, негізінде 4 минут болып саналады. Біздің әскерлер бұл сайыста 3 минут 20 секунд уақытта келіп жатыр. Бұл - жақсы нәтиже, деп ойлаймын.

Экспресс-тест кезінде әскери-инженерлік техникалар да сайысқа түсті. ИМР-2 деп аталатын мына алып көлік жолдағы барлық кедергілерді жоюға дағдыланған. Одан басқа, миналарды қоятын және коммуникация желілерін тартатын ауыр техникалар да таныстырылды. Дәстүрге айналған құрлық әскерлерінің сайысының қорытындысы жыл соңында жарияланбақ. Соған қарай әр өңірлік қолбасшылықтарға баға беріледі.

Берік ХАСЕНОВ