Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Қожамжаров қоррупциялық дауларға қатысты басшылардың отставкаға кетуін заң жүзінде бекітпек

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 1158

Қол астындағы қызметкерлері жемқорлықпен ұсталса, басшылығы отставкаға кету керек деген мәселені заңдастыру керек. Осындай ұсынысты Сенат депутаттары Жоғарғы Палатаның отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына айтты.

Сенатор Сәрсенбай Еңсегеновтің айтуынша, бұл мәселе заң тұрғысынан реттелмеген және әлі шешімін таппай тұр. Ал агенттік төрағасы бұндай норма қарастырылатынын хабарлады.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Мемлекеттік қызмет жүргізу туралы тұжырымдамасына кезінде заң нормасы кірді. Онда егер саяси қызметкердің қол астындағы өзі тағайындаған немесе сол саяси қызметкердің келісімімен тағайындалған адам қылмыс жасап, сыбайлас соның соттық үкімі заң жүзінде кірсе өзінің заңдық, онда ол отставкаға беру керек. Отставканы қабылдау-қабылдамау ол - Елбасының шешімі.

Ал сот шешімі күшіне енбесе де, бұрыңғы орынбасары 10 жылға сотталған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отсавкаға кету керек пе деген сұраққа сенаторлар, барлығы заң бойынша атқарылуы тиіс деген ұстанымдарын білдірді.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл саяси қызметкер қарамағындағы адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапқа тартылған жағдайда ол отставкаға кетуі тиіс. Бірақ біз ескеруіміз керек, қазіргі заң бойынша азаматтардың соттың қаулысы күшіне енгннен кейін ғана біз азаматты кінәлі деп айтамыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ