Қостанайда
құбыр жарылып, бірнеше шағын аудан сусыз қалды. 200-ге жуық көпқабатты үйде бес
тәуліктен бері не ыстық, не суық су жоқ. Өткен жұмада Наримановская көшесіндегі
кәріз құбыры істен шыққан.
Апат орнында жүрген "Қостанай-Су"
кәсіпорны жұмысшыларының айтуынша, апаттың аумағы үлкен. Құбырлар өткен
ғасырдың 70-ші жылдары салынғандықтан, бүгінде әбден тозған. Апат кезінде
жарылған құбырға топырақ толып қалған. Жағдайды қалпына келтіру үшін қаланың
оңтүстік бөлігін судан ажыратуға тура келді. Ал тұрғандарға тіршілік нәрін
қазір арнайы көліктер тасымалдап жүр. Жарылған құбырдың аумағын жаңарту
жұмыстары қолға алынған. Алайда қалпына келтіру жұмыстарының қанша уақытқа
созылары белгісіз.
Заңғар САНАЙ