Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-ның «Жаңажол» көліктік бақылау бекетінің шекарашылары пара алды деп айыпталды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2014
  • 1258

Солтүстік Қазақстандық шекарашылар арасында парақорлық дендеген. «Жаңажол» көліктік бақылау бекетінің басшысы 60 мың теңге көлемінде ақша алған жерінен ұсталды. Сондай-ақ, оның қарамағындағы ондаған шекарашы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттермен жүйелі түрде айналысып отырған. Мұндай сорақылықты облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаменті әшкереледі. Пысықайлар ұсталып, басты үш күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.


Оксана Парпура, ҚР ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінің бастығы:

Ағымдағы жылдың 1 қазанында қылмыстық кодекстің 311-бөлімі 4-тармағы бойынша қылмыс жасады деп Жаңажол бақылау бекетінің үш қызметкері ұсталды.  Олар - бақылау бекетінің басшысы майор Жайлыбеков, кіші сержант Жалдығарин және ефрейтер Елубаев. Бүгінгі таңда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.   

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА