Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік сәбиді іздеушілер көлік жүргізушілерінен көмек сұрауда

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2014
  • 948

Ал ақтөбелік сәби Темірлан Сәндібаевты іздеушілер көлік жүргізушілерінен көмек сұрауда. Олар бала жоғалған күні, яғни 10 қазанда көліктердің бейнежазғыш құралына түскен жазбаларды тағы бір мәрте мұқият қарауды сұрап отыр. Әсіресе сол күні Құрмыш, Ескі қала, Сүт зауыты аудандарында жүрген темір тұлпар иелерінің қырағылық танытуын өтінеді. Әлеуметтік желілерде ақпарат таратқан еріктілер тобы бұған дейін шаһарды толық шарлап шыққан.

5 жасар Темірланның жоғалғанына 12 тәулік болды. Ата-анасы бүлдіршінді аман-есен қайтарған жанға қомақты сыйақы  беретінін айтқанмен, әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Сонымен қатар мешіттерде де Темірланның аман келуін тілеп, дұға жасаушылар көбейген. Имамдар әр намаздан соң жиналған жамағаттан жоғалған бүлдіршінді іздеу жұмыстарына қолқабыс ету сауап іс екенін айтып отырамыз дейді.

Бақытбек Тәжімбет, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы:

Сол өзіміздің жақсылығымызды тек қана өзімізде сақтап қалмастан, сол кеше ғана баласынан айырылып, баласын таппай қалып, тап болып отырған екі ата-анасын тез арада қуантуға барлығымыз асығайық. Көрген білгендеріңіз болса, айта жүріңіздер.

Мансұр ЕСҚОЖИН