Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда газ бағасы тағы қымбаттады

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 1418

Ақтауда көгілдір отын бағасы тағы да шарықтады. Әдеттегі 37 теңге 45 теңге болып өзгерген. Сұйытылған газдың бағасы осыдан екі апта бұрын көтерілген-ді. Ол кездегі баға өсімі газ өндіруші зауыттағы жөндеу жұмыстарымен байланыстырылған болатын. Ал бұл жолы көгілдір отын бағасы жеке кәсіпкерлердің кесірінен көтерілген. Олар сұйытылған газды зауыттан келісім-шартта көрсетілген мөлшерде ала алмағандықтарына наразы. Мәселен, зауыт тиесілі 300 тоннаның орнына тек 140 тонна отын шығарған. Бұл жетіспеушіліктің орнын, жеке кәсіпкерлер баға көтеру тәсілімен жаппақ болған.

Шолпан Ілмұханбетова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Ақтаулық газ құю станцияларында көгілдір отын тапшы екендігі рас. Зауыттар келісілген нормаларды орындай алмай отыр. Бұл себепті шығынға батқысы келмейтін кәсіпкерлер баға көтерлемелеп, әкімдіктің назарын аударғысы келіп отыр. Тағы да айтамын. Біз орын алған жағдайдан хабардармыз. Бір-екі ай бойы түрлі эксперименттер жүргіздік. Барлығы кезек-кезегімен болады деген шешімге келдік.

Жұрағат БАМАН